back-image
"Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
???? “Анашым, сізге арнадым…” ????
06-03-2026 14:50
???? “Анашым, сізге арнадым…” ????

Мектебіміздің мектепалды даярлық сыныбында “Анашым, сізге арнадым…” атты тәрбие сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру.

 
Іс-шара барысында бүлдіршіндер аналар туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Сондай-ақ, аналарына арнап жасаған шағын сыйлықтарын көрсетіп, қуаныштарын бөлісті.
 
Балалардың әрбір сөзі мен шынайы ықыласы – анаға деген шексіз махаббаттың көрінісі болды. ????
 
Ана – әр баланың өміріндегі ең қымбат жан. Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы балалар мейірімділікке, сыйластыққа және ата-ананы құрметтеуге тәрбиеленеді.
 
???? Барша аналарға зор денсаулық, бақыт және отбасы амандығын тілейміз!
Новости