back-image
"Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Баршын тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
8-наурыз
09-03-2026 14:53
8-наурыз
06.03.2026 ж. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес, «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Жарқын күнім - Анашым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында мектеп директоры Г. С. Соппекова құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар қауымын және аяулы аналарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ білім беру саласына қосқан үлесі мен еңбегі үшін бірқатар ұстаздарымыз алғыс хаттармен марапатталды.
⚜️Концерттік бағдарламада оқушыларымыз аналарға арналған әндер айтып, би билеп, жүрекке жылы өлең-тақпақтарын тарту етті. Әсем әуен мен әсерлі өнерге толы бұл кеш көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Ана – мейірім мен жылулықтың, қамқорлық пен шексіз махаббаттың символы. Осындай тағылымы мол мерекелік шара арқылы оқушыларымыз аналарға деген құрмет пен ризашылықтарын білдірді.
Барша аналарды және нәзік жандыларды
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!????????????
Новости