8-наурыз
06.03.2026 ж. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес, «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай «Жарқын күнім - Анашым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында мектеп директоры Г. С. Соппекова құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар қауымын және аяулы аналарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ білім беру саласына қосқан үлесі мен еңбегі үшін бірқатар ұстаздарымыз алғыс хаттармен марапатталды.
Ана – мейірім мен жылулықтың, қамқорлық пен шексіз махаббаттың символы. Осындай тағылымы мол мерекелік шара арқылы оқушыларымыз аналарға деген құрмет пен ризашылықтарын білдірді.
Барша аналарды және нәзік жандыларды
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

