Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылар арасында «Адалдық сағаты» өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға адалдық, әділдік, адамгершілік және жауапкершілік құндылықтарының маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Тәрбие сағаты барысында түрлі жағдаяттар талқыланып, адалдықтың адам өміріндегі орны мен қоғамдағы маңызы туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар шынайылық, сенім және әділдік туралы өз көзқарастарын білдірді.
«Адалдық сағаты» жас ұрпақтың бойында парасаттылық, жауапкершілік және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шараға белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!