Сынып сағаты
2026 жылғы 21 қыркүйек күні 5-сынып оқушыларымен «Еңбек түбі береке» атты сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адал еңбектің адам өміріндегі маңызын, береке мен ырыстың еңбекпен келетінін түсіндіру.
Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, үлкендердің еңбегін бағалауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағы «Қақтығыс жағдайындағы қарапайым қадамдар»
Оқушыларға мектепте және күнделікті өмірде кездесетін қақтығыстарды өркениетті әрі қауіпсіз жолмен шешудің жолдарын үйрету, эмоцияны басқару мен өзара сыйластық дағдыларын қалыптастыру.
Қақтығыс кез келген адамның өмірінде болуы мүмкін, ең бастысы – одан дұрыс әрі қауіпсіз шыға білу.
Сынып жетекшісі: Н.К. Абенова