Ата-аналар жиналысы
2026 жылдың 23 қыркүйек күні Ж.Аймауыұлы атындағы негізгі орта мектебінде 5 сыныптың ата-аналарымен «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында кезекті ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-ана мен мектеп – бала тәрбиесіндегі негіз ұғым. Баланың тұлға болып қалыптасуы, ішкі мәдениеті мен адамгершілік құндылықтары ең алдымен шаңырақтың жылуынан, отбасындағы сыйластық пен үлгі-өнегеден бастау алады.
Күн тәртібінде:
???? Бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынас;
???? Баланың мектептегі үлгерімі мен тәртібі;
???? Тәрбиедегі ортақ жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиынға белсене қатысып, балалардың жарқын болашағы үшін өз ой-пікірлерімен бөліскен барша ата-аналарға алғыс білдіреміз!
«Балаға берілген ең жақсы тәрбие – оның отбасында көрген жақсы үлгісі.»
Сынып жетекшісі: Н.К.Абенова