Коммуникативтік сауаттылық апталығының үшінші күні Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі КММ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығында танымдық іс-шаралар өткізілді.
Мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылған іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен танысып, киіз үй, домбыра, сандық, кесе, кілем және көрпе туралы білімдерін кеңейтті.
Көрнекі құралдар арқылы балалар ұлттық бұйымдардың атауларын атап, сөздік қорларын байытып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытты.
Барлық топтарда қызықты квест-ойын ұйымдастырылды. Балалар құлыптарға сәйкес келетін кілттерді тауып, геометриялық пішіндерді сәйкестендіріп, логикалық тапсырмаларды орындады.
Ойын барысында тәрбиеленушілердің зейіні, есте сақтау қабілеті, ойлау белсенділігі мен тапқырлығы дамыды.