back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
«Балбөбек» шағын орталығы
24-11-2026 10:28
«Балбөбек» шағын орталығы

Коммуникативтік сауаттылық апталығының төртінші күні Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі КММ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығында балалардың тілдік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізілді. «Сөз зертханасы: ізденіс пен жаңалық»Ересек және мектепалды топтарында шығармашылық тәжірибелер ұйымдастырылды. Балалар суреттер мен әріптік карточкалар арқылы сөздер құрастырып, дыбыстарды ажыратуға, сөздік қорларын байытуға және өз ойларын еркін жеткізуге жаттықты.«Дәмді сөздер әлемі»Ортаңғы және ересек топтарында тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Балалар жемістер мен көгөністердің атауларын атап, түсін, пішінін және дәмін сипаттады. Дидактикалық ойындар арқылы сөздік қорларын толықтырып, сөйлеу дағдыларын жетілдірді.«Болашақ кітабының мұқабасы»Ересек топ тәрбиеленушілері шығармашылық іс-әрекет барысында өз қиялдарындағы кітаптың мұқабасын бейнеледі. Балалар сурет салу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып, ойларын түрлі түстермен жеткізуге тырысты.Апталықтың төртінші күні балалардың тіл байлығын арттыруға, танымдық қызығушылығын оятуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Новости