back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
«Балбөбек» шағын орталығы
24-11-2026 10:29
«Балбөбек» шағын орталығы

Коммуникативтік сауаттылық апталығының бесінші күні Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі КММ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығында апталықты қорытындылауға арналған іс-шаралар өткізілді. «Ертегілер жанданады» – сүйікті ертегілерді сахналауОртаңғы, ересек және мектепалды топтарының тәрбиеленушілері театрландырылған қойылымдарға қатысып, сүйікті ертегілерінің кейіпкерлерін сомдады. Балалар кейіпкерлердің іс-әрекеттерін қимыл-қозғалыс және сөз арқылы бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.Театрландырылған ойындар барысында тәрбиеленушілердің сөйлеу дағдылары, есте сақтау қабілеті, қиялы және өзара қарым-қатынас жасау мәдениеті дамыды. «Оқу сауаттылығы апталығы: қорытындылар мен жетістіктер»Апталық соңында өткізілген іс-шаралар қорытындыланып, балалардың белсенділігі мен шығармашылық жетістіктері атап өтілді.Апталыққа белсене қатысқан тәрбиеленушілерге мадақтамалар табысталдыАпталық барысында балалар түрлі танымдық, тілдік және шығармашылық тапсырмалар орындап, білімдерін толықтырды, өз ойларын еркін жеткізуге және бірлесіп әрекет етуге дағдыланды. Коммуникативтік сауаттылық апталығы балалардың тіл байлығын дамытуға, кітапқа және ертегілерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Жаңалықтар