back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
Ашық микрофон
24-11-2026 10:31
Ашық микрофон

«БАЛА ҮНІ» – АШЫҚ МИКРОФОН

Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде 8-9 сынып оқушыларының пікірін тыңдау, олардың ойы мен ұсыныстарына назар аудару мақсатында «Бала үні» тақырыбында ашық микрофон форматында кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау, мектеп өміріне қатысты ұсыныстарын тыңдау және бала пікіріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мектептегі тәрбие, қауіпсіздік, достық қарым-қатынас және өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді. Әр баланың пікірі назарға алынып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Қорытынды: ашық микрофон кездесуі оқушылардың белсенділігін арттырып, өз ойын ашық айтуға, пікірін қорғауға және өзара сыйластыққа тәрбиелеуге ықпал етті.

Бала үні – маңызды! Бала пікірі – құнды! Бала құқығы – басты назарда!

Новости