«БІЗ БАЛАЛАРМЕН БІРГЕМІЗ!»
20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған «Біз балалармен біргеміз!» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды. Лездеме өткізіліп апта жабылды.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, зорлық-зомбылық, буллинг және кемсітушіліктің алдын алу, оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.
Іс-шара аясында:
???? «Менің құқығым – менің қорғаным» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді;
???? «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды;
???? «Мейірімділік әлемі» психологиялық тренингі өткізілді;
???? «Менің құқықтарым» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды;
???? «Құқық бұзылса, не істейміз?» тақырыбында жағдаяттық тапсырмалар орындалды;
???? Балалардың құқықтары туралы ақпараттық стенд әзірленді;
???? «Сенім жәшігі» арқылы оқушылардың ұсыныстары мен пікірлері жинақталды.
Қорытынды: ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың құқықтық білімін жетілдіруге, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге, айналасындағыларға құрметпен қарауға, мейірімділік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – қоғамның басты құндылығы.
Әр бала маңызды! Әр баланың дауысы естілуі тиіс! Әр бала қорғауға лайық!