back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Алихана Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Алихана Бокейхана"
ОҚУШЫЛАРҒА ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
08-11-2026 12:25
ОҚУШЫЛАРҒА ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
ОҚУШЫЛАРҒА ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
Мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту, оқушыларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Осы орайда спорт залының жарықтандырылуын жақсартуға қолдау көрсетіп, прожекторлар мен баспалдақпен қамтамасыз етуге атсалысқан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Болатов Еркебулан Жасулановичке және қол ұшын созған барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жасалған жұмыстың нәтижесін оқушылар да ерекше қуанышпен қабылдады. Спорт залының жарық әрі жайлы болуы балалардың кешкі секцияларда дайындалып, спортпен еркін шұғылдануына мүмкіндік береді. Өйткені оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндеттеріміздің бірі.
Ортақ іске қосылған әрбір үлес – оқушылардың жарқын болашағына жасалған қадам!
Новости