back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Рахимжана Кошкарбаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Рахимжана Кошкарбаева"
«Ана тілім – асыл қазынам»
02-03-2026 09:54
«Ана тілім – асыл қазынам»

Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5–7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ана тілім – асыл қазынам» атты әдеби шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және көркем сөз өнерін насихаттау болды. Кеш барысында білім алушылар қазақ тілінің құдіреті мен байлығын дәріптеген өлеңдер оқып, қанатты сөздер айтып, мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, тіл туралы танымдық сұрақтар қойылып, мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Әдеби шара көрермендерге ерекше әсер сыйлап, жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра түсті. Мұндай тағылымды шаралар өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді. Ана тіліміз – халқымыздың рухани байлығы, асыл қазынасы екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Новости