Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасы — өткеннен өнеге, ұрпаққа аманат Қазақтың біртуар тұлғасы, батыр жазушы Бауыржан ем Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасы — тек естелік емес, ұлт тәрбиесінің айнасы. Бұл туындыда автор балалық шағы арқылы қазақ отбасының тәрбиесін, үлкенге құрмет пен кішіге ізет секілді асыл құндылықтарды терең суреттейді. Шығарманың негізгі идеясы — адамның тұлға болып қалыптасуында отбасының, ата-ананың, ата-әженің тәрбиесі шешуші рөл атқарады. Ұлттық дәстүр мен өнегелі тәрбие — ұрпақтың рухани тірегі. "Ұшқан ұя" бізге тамырымызды ұмытпай, ата дәстүрді қадірлеуді үйретеді.