back-image
"Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Бауыржан Момышұлы мен Бердібек Соқпақбаев шығармаларына тоқталды.
05-03-2026 10:01
Бауыржан Момышұлы мен Бердібек Соқпақбаев шығармаларына тоқталды.

05.03.2026 ж. Р.Қошқарбаев атындағы ЖББ мектебінде 8–9 сынып оқушылары арасында “Bookstagram” форматында сандық сауаттылыққа бағытталған қызықты шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары — Бауыржан Момышұлы мен Бердібек Соқпақбаев шығармаларына тоқталды. Атап айтқанда, Ұшқан ұя және Менің атым Қожа кітаптарының мазмұны талданып, кейіпкерлер әлемі мен тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді. Оқушылар шығармалардың негізгі идеяларын талқылап, өз ойларымен бөлісіп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды. Сонымен қатар “Bookstagram” форматы арқылы кітаптарды әлеуметтік желіде таныстыру, пікір жазу және цифрлық ортада әдебиетті насихаттау дағдыларын дамытты. Осындай шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, сандық сауаттылығын дамытуға үлкен үлес қосады.

Новости