back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Рахимжана Кошкарбаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Рахимжана Кошкарбаева"
5 қыркүйек – Ұлт ұстазының туған күні және Қазақстан халқының Тілдер күні!
05-09-2026 09:34
5 қыркүйек – Ұлт ұстазының туған күні және Қазақстан халқының Тілдер күні!
5 қыркүйек – Ұлт ұстазының туған күні және Қазақстан халқының Тілдер күні!
Бүгін – қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым, ақын әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Ахмет Байтұрсынұлының бар ғұмыры ана тіліміздің мәртебесін көтеруге, ұлт санасын оятуға, білім мен ғылымды дамытуға арналды. Ол қазақ әліпбиін жүйелеп, тіл білімінің негізін қалап, ұрпаққа өшпес мұра қалдырды.
«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген ұлағатты ойы бүгін де өз маңызын жойған жоқ.
Тіл – ұлттың жаны, тарихы мен болмысы. Ана тілімізді құрметтеу – өткенімізді бағалап, болашағымызды баянды ету.
Тіліміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні құтты болсын!
Тілдер күнімен!
Новости