8 наурыз
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кеш барысында оқушылар әсем ән айтып, би билеп, аналар мен ұстаздарға жүрекжарды тілектерін жеткізді. Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күй сыйлап, нәзік жандыларға деген құрмет пен алғысты білдіруге арналды. Кеш өте әсерлі әрі мазмұнды өтті. Барша аналар мен ұстаздарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! ????