Ұлттық спорт күні
Қарой жалпы білім беретін мектебінің 2–4 қазақ сыныптарында Ұлттық спорт күніне орай оқушылар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар асық ойынын ойнап, ұлттық дәстүрімізді насихаттап, ептілік пен мергендіктерін көрсетті. Шара барысында оқушылар қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Ұлттық ойындар арқылы олардың бойында достық, ұйымшылдық және ұлттық құндылықтарға деген құрмет қалыптасты.