Таза Қазақстан
"Таза Қазақстан" республикалық жобасы аясында Қарой жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері мектеп ауласын тазалау мақсатында облыстық сенбілікке шықты. Ұжым бірлесе отырып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Аула аумағы қоқыстан тазартылып, қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Тазалық – әр адамның мәдениетінің айнасы. Осындай игі шаралар арқылы табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосамыз. @bilimboliminura @nura_akimat