Мектепке жол
Қарой ЖББМ «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсетілді
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында ауылымыздың имамы Максутов С . игі іске атсалысып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін екі отбасыға қаржылай көмек көрсетті.
Жаңа оқу жылы қарсаңында жасалған бұл қайырымдылық – балаларға көрсетілген қамқорлық пен жанашырлықтың жарқын үлгісі. Осындай ізгі бастамалар қоғамдағы мейірімділік пен өзара қолдауды арттыра түседі.
Балалардың қуанышына себеп болып, отбасыларға қолдау білдірген ауыл имамына мектеп ұжымы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз! Жасаған жақсылығыңыз еселеніп қайтсын!
#МектепкеЖол #Қайырымдылық #Қамқорлық #ЖақсылықЖаса