Сергектік пен денсаулық – табысты оқудың кепілі!
Сергектік пен денсаулық – табысты оқудың кепілі! ????♂️????
Бүгін мектебімізде оқушылардың қатысуымен «Денсаулық – зор байлық» атты дәстүрлі таңғы дене шынықтыру жаттығуы өтті. ☀️✨
Таңғы жаттығуды дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері арнайы дайындалған сергіту ырғағында шеберлікпен жүргізді. Жағымды әуен ырғағымен орындалған жаттығулар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, сабаққа деген ынтасын арттыра түсті.
Таңды сергек қарсы алған оқушыларымыз бен ұжымымызға сәттілік пен белсенділікке толы күн тілейміз! ????????