«Отбасымен кітап оқу – игі дәстүр»
Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде «Отбасымен кітап оқу – игі дәстүр» атты ата-аналармен бірлескен оқу отбасылық сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды көркем әдебиеткебаулу, балалар әдебиетінің тәрбиелік мәнін арттыру, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шара барысында кітап оқу марафоны ұйымдастырылды.Ата-аналармен балалар бірге кітап оқып, отбасы құндылықтарын нығайтады. Ұйымдастырылған марафон әр отбасыға жаңа шабыт сыйлайды.
