Мектеп аумағын таза ұстап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу.
А. Асылбеков мектебінің ұстаздары мен мектеп қызметкерлері мектеп ауласында сенбілік ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – мектеп аумағын таза ұстап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу. Сенбілік барысында қатысушылар ауладағы қоқыстарды жинап тазалық жұмыстары жүргізілді. Ұстаздар мен қызметкерлер бұл игі іске белсене қатысып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Осындай шаралар арқылы олар оқушыларға тазалықтың маңызын түсіндіріп, еңбекке деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.


