back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«БАЛАҒА ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ – СӘТТІЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ»
14-11-2026 15:25
«БАЛАҒА ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ – СӘТТІЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ»

14 қазан күні А.Асылбеков атындағы ЖББ мектепте АПҚО жоспарына сәйкес бастауыш сыныптартары «Балаға эмоционалдық қолдау көрсету: сәтсіздіктермен күресуді қалай үйретуге болады?» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Кездесу барысында ата-аналар сынып жетекшісімен бірге төмендегі мәселелерді талқылады:
Бастауыш сынып оқушыларының эмоционалдық даму ерекшеліктері;
Балалардың оқу мен қарым-қатынастағы сәтсіздіктерге байланысты уайымдау себептері;
Эмоционалдық қолдау көрсетудің тиімді жолдары;
Баланың қателіктеріне дұрыс көзқарас таныту;
Отбасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша ұсыныстар.
Жиналысқа қатысушылар өз тәжірибелерімен белсенді бөлісіп, практикалық тапсырмаларды орындады және пайдалы кеңестер жазылған жадынамалар алды.
#АПҚО #Адал_азамат
#нұраауданыбілімбөлімі

Новости