А. Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-қазақ сыныбында «Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік» тақырыбында «Таза Қазақстан» құндылығымен байланысты сынып сағаты өткізілді.Сабақ барысында оқушылар жауапкершіліктің маңызын талқылап, қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау және өз әрекетіне жауап бере білу туралы ой бөлісті.Оқушылар тақырыпқа сай постер дайындап, өз шығармашылықтарын көрсетті.Тазалық – өзімізден, жауапкершілік – әрқайсымыздан басталады!
Сынып жетекшісі: Сынабаева Г.Т.
#нұраауданыбілімбөлімі
#umckrg
#адал_азамат