back-image
"Байтуған жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Байтуған жалпы білім беретін мектебі" КММ
Байтуған жалпы білім беретін мектебінде 8–9-сынып оқушылары арасында «Ахмет Ясауи мұрасы – рухани қазына» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
20-11-2026 15:25
Байтуған жалпы білім беретін мектебінде 8–9-сынып оқушылары арасында «Ахмет Ясауи мұрасы – рухани қазына» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ұлы ойшыл, ақын, сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолы, даналық ойлары мен «Диуани хикмет» еңбегінің тәрбиелік мәні туралы мағлұмат алды. Ұлы ойшылдың өсиеттері мен рухани құндылықтары жөнінде пікір алмасты. Ахмет Ясауидің мол мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын баға жетпес рухани байлық. Мұндай тағылымды іс-шаралар оқушылардың ұлттық рухын көтеріп, тарихи тұлғаларға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
Жаңалықтар