Байтуған жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонына белсене қатысып, кітап оқуға деген қызығушылықтары мен білімге құштарлықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.
???? Марафон барысында мұғалімдер бес кітап оқып, әр шығарма бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісіп, оқырмандық мәдениеттері мен рухани дүниелерін байытты.
Нәтижесінде ұстаздарымыз «Талапты оқырман» қола белгісіне ие болып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
✨ Кітап оқу – рухани кемелденудің, білім мен парасаттың қайнар көзі. Кітаппен дос болған ұстаз – шәкіртіне әрдайым үлгі!
Ұстаздарымызды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!