back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ! Ұлағатты ұстаз Ишанкулов Ардақ Ернедовичті еске алу 6 қараша күні Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, мектебіміздің жанашыры, алғашқы әскери дайындық пәнінің ұ
08-11-2026 10:43
 ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ! Ұлағатты ұстаз Ишанкулов Ардақ Ернедовичті еске алу 6 қараша күні Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, мектебіміздің жанашыры, алғашқы әскери дайындық пәнінің ұ
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!
Ұлағатты ұстаз Ишанкулов Ардақ Ернедовичті еске алу
6 қараша күні Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, мектебіміздің жанашыры, алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы Ишанкулов Ардақ Ернедовичтің туған күніне орай еске алу шарасы ұйымдастырылды.
Ардақ Ернедович – өз ісіне адал, шәкірт тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен қараған, мектебіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлағатты ұстаз. Ол кісі оқушыларға тек әскери дайындық негіздерін үйретіп қана қоймай, олардың бойына отансүйгіштік, тәртіп, батылдық, жауапкершілік және елге қызмет ету құндылықтарын сіңіре білді.
Оның бойындағы адамгершілік, еңбекқорлық, қарапайымдылық және шәкірттеріне деген жанашырлық әріптестері мен оқушыларының жүрегінде мәңгі сақталады.
Адам өмірден өтсе де, оның жасаған жақсылығы, сіңірген еңбегі мен қалдырған өнегесі ешқашан ұмытылмайды.
Ардақ Ернедовичтің есімі мектебіміздің тарихында, әріптестерінің жүрегінде және шәкірттерінің жадында мәңгі сақталмақ.
????️ Жарқын бейнеңіз жадымызда, өнегелі ісіңіз жүрегімізде мәңгі сақталады!
Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, ардақты ұстаз!
Новости