«Жеке қауіпсіздік» вариативтік сабағы өткізілді Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5–7 сынып оқушыларына арналған «Жеке қауіпсіздік» вариативтік сабағы ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қа
«Жеке қауіпсіздік» вариативтік сабағы өткізілді
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5–7 сынып оқушыларына арналған «Жеке қауіпсіздік» вариативтік сабағы ұйымдастырылды.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, күнделікті өмірде сақтық шараларын ұстануға және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету.
Сабақ барысында оқушыларға үйде, көшеде, қоғамдық орындарда және интернет желісінде кездесетін қауіп-қатерлерден сақтану жолдары түсіндірілді. Түрлі өмірлік жағдаяттар талқыланып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.