«Буллингке жол жоқ!» ақпараттық жадынамалар таратылды Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қазақ және орыс тілдерінде арнайы
«Буллингке жол жоқ!» ақпараттық жадынамалар таратылды
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қазақ және орыс тілдерінде арнайы таратпа қағаздар (жадынамалар) үлестірілді.
Таратпа материалдарда буллингтің түрлері, оның салдары, қорлау мен қысым көрсету жағдайында өзін қалай қорғау керектігі және кімнен көмек сұрауға болатыны туралы маңызды ақпараттар қамтылды.
Іс-шара барысында оқушыларға бір-біріне құрметпен қарау, өзара қолдау көрсету және қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.