back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Ұлттық теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны» Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай 5–11 сынып оқушыларына тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты –
16-11-2026 11:12
«Ұлттық теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны» Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай 5–11 сынып оқушыларына тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты –
«Ұлттық теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны»
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне орай 5–11 сынып оқушыларына тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға ұлттық валютамыздың шығу тарихы мен маңызын түсіндіру, қаржылық сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар теңгенің айналымға енгізілу тарихымен, ұлттық валютаның ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар ақшаны тиімді пайдалану, үнемдеу және қаржылық жауапкершілік туралы пайдалы ақпарат алды.
???? Сонымен қатар әр сыныптың бекітілген жоспарына сәйкес 10 минуттық қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Қауіпсіздік сабақтары барысында оқушыларға күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау, қауіпті жағдайлардың алдын алу және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
✅ Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталды.
???????? Ұлттық теңге – тәуелсіздігіміздің тірегі, қауіпсіз ұрпақ – еліміздің болашағы!
Жаңалықтар