back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"
«Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында дебат ойыны өткізілді Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепбінде 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында оқуш
16-11-2026 11:13
 «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында дебат ойыны өткізілді Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепбінде 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында оқуш
«Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында дебат ойыны өткізілді
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектепбінде 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында оқушылар арасында дебат ойыны өткізілді.
???? Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, бала құқықтары туралы білімдерін кеңейту, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге үйрету, сондай-ақ сыни ойлау, пікір алмасу және өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізу дағдыларын дамыту.
Дебат барысында оқушылар бала құқықтарының қоғамдағы маңызы, әр баланың білім алуға, қауіпсіз ортада өмір сүруге, өз пікірін еркін білдіруге және қорғалуға құқығы туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар қатысушылар бала құқықтарын қорғаудағы отбасының, мектептің және қоғамның рөлі, құқық пен жауапкершіліктің өзара байланысы, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің алдын алу мәселелерін талқылады.
???? Пікірталас кезінде оқушылар өз ұстанымдарын ортаға салып, нақты дәлелдер келтіру арқылы ойларын қорғауға, қарсы тараптың пікірін құрметтеуге және ортақ қорытынды жасауға дағдыланды.
Новости