back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"
«Жол ережесін білейік – қауіпсіз өмір сүрейік!» атты викториналық ойын өткізілді Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5–7 сынып оқушылары арасында жолда жүру ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Жол ереж
16-11-2026 11:14
«Жол ережесін білейік – қауіпсіз өмір сүрейік!» атты викториналық ойын өткізілді Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5–7 сынып оқушылары арасында жолда жүру ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Жол ереж
«Жол ережесін білейік – қауіпсіз өмір сүрейік!» атты викториналық ойын өткізілді
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 5–7 сынып оқушылары арасында жолда жүру ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Жол ережесін білейік – қауіпсіз өмір сүрейік!» тақырыбында викториналық ойын ұйымдастырылды.
???? Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін кеңейту, жол белгілерін дұрыс тануға үйрету, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ өз өмірі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
???? Викториналық ойын барысында оқушылар жол белгілері, бағдаршам түстерінің мағынасы, жаяу жүргіншілердің міндеттері және жолдан қауіпсіз өту тәртібі бойынша түрлі сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар оқушылар жол қозғалысына қатысты жағдаяттық тапсырмаларды орындап, күнделікті өмірде кездесетін қауіпті жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдарын талқылады.
???? Ойын оқушылардың белсенділігін арттырып, өзара пікір алмасуына, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуына және жол қауіпсіздігі туралы білімдерін бекітуіне мүмкіндік берді.
✅ Іс-шара қорытындысында оқушылар жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір адамның міндеті екенін түсініп, қауіпсіздік талаптарын күнделікті өмірде орындаудың маңыздылығына назар аударды.
Новости