Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Хайбрахманов Ильдар Ирсалович «Үздік бейнесабақ» байқауының аудандық кезеңінде география пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды! ???????? Бұл жетістік – ұс
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Хайбрахманов Ильдар Ирсалович «Үздік бейнесабақ» байқауының аудандық кезеңінде география пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды! 

Бұл жетістік – ұстазымыздың кәсіби шеберлігінің, шығармашылық ізденісінің, жаңашылдыққа ұмтылысының және өз ісіне деген жауапкершілігінің айқын дәлелі.
Білім беру үдерісінде заманауи технологияларды тиімді пайдаланып, сапалы білім беруге бағытталған еңбегінің жоғары бағалануы – мектебіміз үшін зор мақтаныш!
Құрметті Ильдар Ирсалович!
Сізді аудандық байқаудағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өсу, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!
Ұстаз жетістігі – мектеп мерейі!