Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің «Айгөлек» шағын орталығында коммуникативтік сауатылық апталығы бойынша бүлдіршіндерге арналған «Ертегі қимылмен сөйлейді» тақырыбында музыкалық-қозғалыстық ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында балала
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің «Айгөлек» шағын орталығында коммуникативтік сауатылық апталығы бойынша бүлдіршіндерге арналған «Ертегі қимылмен сөйлейді» тақырыбында музыкалық-қозғалыстық ойын ұйымдастырылды.
Ойын барысында балалар әуен ырғағына сай түрлі қимылдар жасап, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін қимыл-қозғалыс арқылы бейнеледі. Көңілді музыка мен қызықты тапсырмалар бүлдіршіндердің белсенділігін арттырып, ерекше қуаныш сыйлады.
Мақсаты: балалардың музыканы тыңдау және ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін жетілдіру, шығармашылық қиялын ұштау және ертегілерге деген қызығушылығын арттыру.
Музыкалық ойын барысында бүлдіршіндер өздерін ертегі әлемінің кейіпкерлеріндей сезініп, қимыл арқылы көңіл күйлерін білдірді. Бірлесіп ойнау арқылы достық қарым-қатынастары нығайып, еркін әрекет ету дағдылары қалыптасты.