20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Менің пікірім маңызды» тақырыбында мектеп парламенті мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың өз ойларын еркін жеткіз
20 қараша – Дүниежүзілік балалар күніне орай Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Менің пікірім маңызды» тақырыбында мектеп парламенті мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік беру, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау, мектеп өміріне белсенді қатысуын арттыру.
Іс-шара барысында мектеп парламентінің мүшелері мектеп өмірін жақсарту, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қызықты іс-шаралар өткізу және қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру бағытында өз ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқушылардың бастамалары талқыланды.