back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"
«Қауіпсіздік – әр оқушының басты міндеті!» Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді. Ке
21-11-2026 11:41
«Қауіпсіздік – әр оқушының басты міндеті!» Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді. Ке
«Қауіпсіздік – әр оқушының басты міндеті!»
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге Нұра ауданының полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі Қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция майоры А. Нурмухан қатысып, оқушыларға маңызды тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Пиротехникалық құралдардың қауіптілігі – отшашулар мен басқа да пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі қауіп-қатерлер және қауіпсіздік ережелері;
Қауіпсіздік шаралары – күнделікті өмірде жеке қауіпсіздікті сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу;
Буллингтің алдын алу – қорқыту, кемсіту, күш көрсету әрекеттерінің зияны және олардың құқықтық салдары;
Кибербуллингтен қорғану – әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, интернеттегі қорлау мен қудалаудың алдын алу жолдары.
Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, өзгенің құқықтарын құрметтеу және қауіпті жағдайларда ересектерден немесе құқық қорғау органдарынан көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді.
✅ Мақсатымыз – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және құқық бұзушылықтың алдын алу!
????️ Қауіпсіз балалық шақ – жарқын болашақ кепілі!
Новости