Р.Асубаев атындағы ЖББМ «Бірлік пен құрмет — біздің таңдауымыз!» атты 8-сынып оқушыларына арналған тренинг өтті.
Тренингтің мақсаты:
Оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің түрлері мен салдарын түсіндіру, бір-біріне деген құрмет пен қолдау көрсету дағдыларын дамыту.
Тренинг барысы:
Оқушылар «Жылы сөз» жаттығуы арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтып, тренингтің негізгі ережелерін (бір-бірін тыңдау, сөзді бөлмеу, пікірге құрметпен қарау) бекітті.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдарын талқылап, қарапайым әзіл мен қорлаудың аражігін ажыратты.
«Мыжылған қағаз» эксперименті өткізіліп, ауыр сөздердің адам жанында мәңгі із қалдыратыны көрнекі түрде түсіндірілді.
Топтық жұмыс барысында «Рөлдік жағдаяттар» сахналанып, мазақтау, шеттету сияқты өмірлік жағдайлардан шығудың тиімді әрі бейбіт жолдары ұсынылды.
“Сенім көпірі”рефлексиясы өткізіліп, оқушылар стикерлерге өз тілектерін жазып, ортақ «достық кодексін» жасады. Педагог-психолог қиындық туындаған жағдайда ата-анаға, сынып жетекшісіне немесе мектеп психологіне көмекке жүгіну маңызды екенін еске салды. Өткізген: Шаймерденова А.Б