back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
«Балабақша – мектеп: бірліктегі қадам»
18-11-2026 16:42
«Балабақша – мектеп: бірліктегі қадам»

Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 2026 жылғы 18 қараша күні мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Балабақша – мектеп: бірліктегі қадам» атты практикалық бағыттағы ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектепалды даярлық тәрбиеленушілерінің мектеп туралы түсінігін қалыптастыру, мектеп өміріне қызығушылығын арттыру және жаңа ортаға бейімделуіне жағдай жасау.
Ашық есік күні барысында балалар «Мектепке алғашқы қадам», «Математикалық әлем», «Сиқырлы әріптер әлемі», «Ойлан, тап, құрастыр!», «Бірге ойнаймыз – бірге үйренеміз», «Мектептегі үзіліс», «Мен мектепке дайынмын!» атты танымдық әрі қызықты станциялар бойынша түрлі тапсырмалар орындады. Логикалық есептер шығарып, математикалық ойындарға қатысты, дыбыстық талдау жасап, әріптерден сөз құрастырды, геометриялық фигуралармен жұмыс істеп, топтық және жұптық ойындар арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамытты.
Сонымен қатар ата-аналарға арналған практикум өткізіліп, балалардың дербестігін, зейінін, есте сақтау қабілетін және сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша педагогикалық кеңестер берілді. Іс-шара соңында балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері өзара пікір алмасып, балалардың мектепке дайындығы мен алдағы сабақтастық жұмыстары талқыланды.
Аталған іс-шара балалардың мектепке деген қызығушылығын арттырып, танымдық және әлеуметтік дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетуге мүмкіндік берді. Мектеп пен балабақша педагогтері арасындағы ынтымақтастық нығайып, ата-аналардың мектепке дайындық жөніндегі түсініктері кеңейді.
«Балабақша – мектеп: бірліктегі қадам» ашық есік күні өз мақсатына жетіп, мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадам болды.

Новости