«Әділетте берік болсаң, аяғың талмайды» тақырыбында оқушылардың қатысуымен әнұран орындалды. Негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында әділдік, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыларды қандай жағдайда да әділдікті ту етіп, шындықты қорғауға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға және дұрыс шешім қабылдауға баулу көзделді. Әнұран арқылы әділдік пен адалдықтың адам өміріндегі маңыздылығы насихатталып, оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға, әділетсіздікке жол бермеуге және әрдайым ақиқат жағында болуға шақырды.