back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«DOSBOLIKE»
25-11-2026 12:33
«DOSBOLIKE»

«DOSBOLIKE» – мектеп парламентінің ұйымдастыруымен түсірілген, оқушылар арасында достық, сыйластық, мейірімділік, өзара түсіністік пен қолдау құндылықтарын насихаттауға бағытталған әлеуметтік видеоролик.Видеороликтің басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, әрбір оқушының жеке тұлғасына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушыларды бір-біріне жанашырлық танытуға, өзгелердің сезімін түсінуге, қиын сәтте қолдау көрсетуге және достық қарым-қатынасты бағалауға шақыру.Бұл бастама оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, белсенділік танытуға және мектеп өміріне бейжай қарамауға ықпал етеді. Мектеп парламенті осындай әлеуметтік жобалар арқылы оқушыларды ізгілікке, татулыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге үндейді.

«DOSBOLIKE» – жай ғана видеоролик емес, бұл достық пен мейірімділікке бастайтын үндеу!

Жаңалықтар