02.04.26ж. А.Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебінің (РО) КММ ұжымы мен білім алушылары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізді.
Шара барысында мектеп ауласы тазартылып, қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау мәдениеті насихатталды.
Тазалық — әр адамның жауапкершілігі. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау — өскелең ұрпаққа үлгі болар игі іс.

Таза орта — жарқын болашақ кепілі!