«Қамқор» әлеуметтік жобасы аясында мектебіміздің оқушылары игі іске бастамашы болды. Күздің суық күндері мен алдағы қыс мезгілінде қанатты достарымызға қолдау көрсету мақсатында оқушылар өз қолдарымен құстарға арналған жемсауыттар мен ұя жәшіктерін жасап шықты.
Еңбек пен шығармашылық сабақтарында және сыныптан тыс уақытта дайындалған бұл бұйымдар экологиялық таза материалдардан жасалды. Бүгін оқушылар мектеп ауласындағы ағаштарға жемсауыттар мен ұяларды орнатып, алғашқы жемдерін салды.
Бұл бастаманың басты мақсаты:
Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігін арттыру;
Құстарды қорғауға және оларға қамқор болуға баулу;
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Оқушыларымыз алдағы уақытта да жемсауыттарға уақытылы дән салып, қанатты достардың қыстан аман-есен шығуын бақылауда ұстайтын болады.
Табиғатты аялайық, құстарға қамқор болайық! Жауапты: Д.М.Мамурбаева
#ҚамқорЖобасы #ҚұстарғаҚамқорлық #ТабиғаттыАялайық #ЖақсылықЖаса # Нұраауданыбілімбөлімі
@takishevdarkhan