«Жауапты таңдау – жауапты іс-әрекет."
16 қараша күні 1-сынып оқушылары арасында «Жауапты таңдау – жауапты іс-әрекет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға әрбір адамның өз таңдауы мен іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы туралы түсінік берілді. Жақсы мен жаманды ажырату, дұрыс шешім қабылдау, өз ісіне жауап беру және тәртіп сақтау жөнінде әңгіме өрбіді.
Оқушылар түрлі жағдаяттарды талқылап, өз ойларын ортаға салды. Жауапкершілік пен адалдықтың маңыздылығын түсінді.
Мақсаты: оқушыларды жауапкершілікке, әдептілікке және дұрыс таңдау жасай білуге тәрбиелеу. # Нұраауданыбілімбөлімі
@takishevdarkhan