2026 жылғы 16- қыркүйек күні 9-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Бала тәрбиесі – ортақ міндет: заң, тәртіп, құндылық және жауапкершілік» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыру, заң мен тәртіпті сақтауға тәрбиелеу және бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру. Жиын барысында оқушылардың қауіпсіздігі, мектептегі тәртіп ережелері, құқықтық сауаттылық, отбасылық құндылықтар, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызы талқыланды. Бала тәрбиесі – тек отбасының немесе мектептің ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз. Балаға дұрыс бағыт-бағдар беріп, оның бойына адамгершілік, жауапкершілік, тәртіп пен сыйластық құндылықтарын сіңіру – болашаққа жасалған маңызды қадам. Сынып жетекшісі: Тускенова Г.С. #Нұра_білім_бөлімі @takishevdarkhan