back-image
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
«Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ұлт»
02-11-2026 18:48
 «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ұлт»

 

 
9 қазақ сыныбымен сынып сағаты өтті. Тақырыбы: «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ұлт» Бүгінгі сынып сағатымыздың мақсаты – оқушыларға әділдік, адалдық, жауапкершілік және отансүйгіштік құндылықтарын насихаттау. Әділетті Қазақстан құру – әр азаматтың міндеті. Адал азамат болу – шындықты айту, тәртіп сақтау, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу және өз ісіне жауапкершілікпен қарау. Әрқайсымыз өз бойымызда жақсы қасиеттерді қалыптастырып, білімді, тәрбиелі, еңбекқор болуға ұмтылуымыз керек. Себебі адал азаматтар көбейгенде ғана еліміз озық ұлтқа айналады. Адалдық – адамдықтың белгісі, әділдік – елдіктің негізі! Сабақ соңында қауіпсіздік сабағыда қамтылды. Сынып жетекшісі: Тускенова Г.С. #Нұра_білім_бөлімі @takishevdarkhan
 
Жаңалықтар