back-image
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
«Кел, балалар, оқылық!»
05-11-2026 19:07
 «Кел, балалар, оқылық!»

Қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог, жазушы, балалар әдебиетінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай мектеп кітапханасында «Ұлы ұстаз – ұлт мақтанышы» тақырыбында әдеби викторина өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, әдеби мұрасын насихаттау.
Викторина барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, ағартушылық қызметі, өнегелі әңгімелері мен өлеңдері бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар ұлы ұстаздың шығармаларына қатысты қызықты тапсырмалар орындап, білімдерін сынады.
???? «Кел, балалар, оқылық!» деп ұрпақты білімге шақырған ұлы ұстаздың өнегелі мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына.
Ұлы ұстаздың есімі ұрпақ жадында, мұрасы мәңгілік!
#Нұрабілімбөлімі
#Ыбырай Алтынсарин185жыл

Жаңалықтар