7 қазақ сыныбында «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар судың адам өміріндегі маңызы, табиғи су ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы ой бөлісті. Суды үнемдеудің қарапайым жолдары талқыланып, әрбір адамның табиғатты қорғауға қосар үлесі маңызды екені түсіндірілді.
Оқушыларға су – тіршілік көзі екенін ұғындырып, суға жанашырлықпен қарау, әр тамшыны бағалау қажеттігі насихатталды.
Суды үнемдеу – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік!
Сынып жетекшісі:Мейрамова Н.К
#Нұра_білім_бөлімі
@takishevdarkhan