2026 жылғы 13 қараша күні ауданымыздағы Ы. Алтынсарин атындағы мектепте 3–4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілуде.
Олимпиаданың басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру, білімге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушыларды анықтау.
Білім додасына мектебіміздің оқушылары да қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынайды.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (РО)» КММ
#Нұрабілімбөлім
@takishevdarkhan