back-image
"Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы" КММ
"Ата-аналар жиналысы"
27-04-2026 10:54

28 қаңтар күні Қарағанды облысы білім басқармасының КММ «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығында» «Шаңырақ» ата-аналар клубы аясында ата-аналар жиналысы өтті. Уақыт тауып, белсенді қатысқан барлық ата-аналарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз! 

Кездесу барысында біз:
 - Орталықтың жұмысы, мақсаттары және келу ережелері туралы айттық;
 балалардың дамуын бағалау тәсілдері мен диагностика үдерісін жан-жақты талқыладық;
 - Тәрбиеленушілерімізбен жүргізілетін оқыту бағдарламалары мен әдістемелерді таныстырдық;
- Ата-аналарды мазалаған маңызды сұрақтарға жауап бердік.

Сіздердің сенімдеріңіз, ашық диалогқа дайын екендіктеріңіз және балаларыңыздың дамуына деген қызығушылықтарыңыз біз үшін өте құнды 
Мамандар мен ата-аналардың бірлескен жұмысы ғана ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет!
Балаларымыздың болашағы үшін - бірге жұмыс жасайық!

Новости